ұстаздар күні

Ұстаздар күні

Аяулы ұстаздар

Мектеп – кеме, білім –теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

5 қазан күні Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған «Аяулы ұстаздар» атты көгілдір кеш өтті. Ұстаз – қасиетті де ұлы мамандық.Ол білім нәрін жас ұрпаққа сыйлаушы. «Тәрбиеленген шәкіртім дүниенің тетігіне кірпіш болып қаланып, ел игілігіне қызмет етсе,» деген арман- тілектің өз мамандығын құлай сүйген ұстаз көкірегінде сайрап тұрары анық. «жақсылық еккен адам алғыс орады» деген халқымызда даналық сөз бар.Міне, соның дәлелі ретінде біздің оқушылар өз өнерлерін, алған үлгілерін ұстаздарына сарп етті.

Оқушылар бұл мерекеге арнайы бағдарлама жасаған. Бұл бағдарлама ұстаздарымыз біздің екінші анамыз екендігін, ұстазымызды құрметтеуге, сыйлауға, мерекелерімен құттықтауға құрылған. 11 сынып оқушысы Айткен Гүлмира және 10 сынып оқушысы Матаева Айгерім өздерінің жылу лебіздерімен кешті әсем де, әсерлі етіп ашты. «Ұстазы жақсының шәкірті озар» дегендей Айткен Гүлмираның шығармашылық қабілеттері өн бойында тұнып тұр. Осыны нақтылайтын «Аяулы ұстаздар» атты ұйымдастырылған шарасы ұстаздар қауымының көңілдерінен шықты.

6 сынып оқушысы Зиядаев Ерасыл өзінің әзілқойлығымен кештің сәнін ашты. Бастауыш сынып оқушылары, 5 сынып қыздары, 6-8 сынып ұлдары би-билеп кештің сәнін келтірді.

Кеш ойлағандай жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар қауымына бұл кештің есте қалатыны сөзсіз.

 

 

About

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *