Posted on 29.10.2014, 06:31 By adminn
Мектепке жол акциясы
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде 2014 жылдың 1-ші тамызынан бастап қыркүйектің 30-ына дейін жалпы республикалық «Меткепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында аз қамтылған, көпбалалы отбасынан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушылардың мектепке дайындығын тексеріп, көмекке мұқтаж отбасыға қол ұшын беру басты мақсат болды. Майтүбек ауылы бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 20 оқушы мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1 оқушыға жаппай оқыту қорынан әр балаға кеңсе тауарларына 5000 (бес мың) теңге және киім-кешекке 15000 (он бес мың) теңге ақшалай көмек көрсетілді.
Демеушілік жақтан 30000(отыз мың) теңгеге көмек көрсетілді
Categories: Басты