Майтүбек жалпы білім беретін мектебінің тарихы
1955 жылы Ворошиловоград атты бастауыш сынып мектебі ашылды.
Ол жатақхананың жартысы болатын. Ворошиловоград мектебінің
алғашқы директоры – А.С.Белобокова тағайындалды.
1957 жылы Ворошиловоград орта мектебі ашылып, мектеп ұжымында алғашында
3 мұғалім жұмыс атқарды.
1962 жылы екі қабатты 8 жылдық Спутник мектебі салынды.
1962 жылы Ворошиловоград орта мектебі, Спутник орта мектебі болып өзгертілді.
Мектеп ұжымында 15 адам жұмыс атқарды.
1969 жылы 5 – желтоқсанда жаңа мектептің іргетасы қаланып, онда 300 оқушы оқыды.
1989-1990 жылдары Спутник орта мектебінде алғашқы қазақ сыныбы ашылды.
Қазақша сыныпқа 8 оқушы қабылданып, сынып жетекшілікті
Баймульдина Алма Уахитовна атқарды.
1995 жылы Спутник орта мектебі, Майтүбек орта мектебі болып өзгертілді.
Мектеп ұжымында 28 ұстаз, 2 тәрбиеші, 27 техникалық қызметкер жұмыс атқарады.
2019-2020 оқу жылында 76 оқушы оқыйды. Мектепалды даярлық тобында – 12, бастауыш буында -25 оқушы,
орта буында -33 оқушы, жоғарғы сыныптарда -6 оқушы,
Мектепте жұмыс істейтін ұстаздар құрамы -25 адамды құрайды.
Жоғары санатты -6, Бірінші санатты – 7, Екінші санатты -7,
Санатсыз мұғалімдер -6 адамды құрайды.
____________________________________________________________________________________________________
Мектеп мұражайы туралы мәлімет
Мектеп мұражайы 5 бөлімнен тұрады:
1 бөлім. Ауыл тарихы.
Осында Ворошиловград совхозының алғашқы директоры Чепурной Иван Петровичтін
өмірбаяны. Мұнда ауыл комсомолдарының фотолары, Наумов Сергей Никитовичтың
кәсіподақтық билеті туралы мәліметтер берілген.
2 бөлім. Мектеп тарихы.
Мектептің құрылу тарихы мен алғашқы түлектерінің фотосуреттері,
мектеп жетістіктері мен мадақтау грамоталары қойылған.
3 бөлім.
Целина. Тың игеру кезіндегі ауыл тарихы мен мадақтау қағаздары.
4 бөлім. Пионерлер бұрышы.
Мектеп пионерлерінің фотосуреттері, қол өнер бұйымдары, мектеп газеті,
тілек білдіруші журналы, « Күн шуақ» мектеп ұйымының фотосурет папкалары бар.
5 бөлім. «Ерлер есімі- ел есінде»
Ұлы Отан соғысына қатысқан ауыл ардагерлерінің фотосуреттері мен мәліметтері жазылған.
Ұлы Отан соғысы туралы көптеген кітаптар орналасқан.
6 бөлім. Экспонаттар.
Осы бөлімде қазақтың киіз үйі мен ұлттық бұйымдары орналасқан Атап айтқанда:
бесік, сандық, піспек, алаша, текемет, дөңгелек үстел т.б. бар.
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Президент кабинеті туралы мәлімет
ҚР – ның Тұңғыш Президенті кабинеті. Бұл кабинетте елбасы туралы мәліметтер қоры жинақталған. Президенттің балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі өмір белестері туралы фотосуреттер мен мәліметтер, қолжазбалары, елбасының жолдауы, «Елдің төрі – Елорда» деген сурет альбомы бар.
Президенттің фотосуреті мен отбасы, Елбасының өзге ел басшыларымен кездесулері
туралы фотосуреттер мен мәліметтер.
Осы суретте Елбасының балалық шағы, отбасылық суреттері мен халыққа
арналған жолдаулары және қолжазбалар берілген. Олар: «Избранные речи»,
«Тәуелсіз Қазақстанның саяси – тарихи оқиғалар жылнамасы», «Қазақстан жолы
және «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны».