Кітапхана апталығы

              Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап – білім бұлағы» атты ойын-викторина өткізілді. Мақсаты: Балалардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. тіл байлығын дамыту. Кітапханашы шара басында қатысушыларға  мектепте 12-17 қаңтар арлығында  кітапхана апталығы  өткізіліп келе жатқандығы жөнінде айта келіп, оның 13 қаңтар күні  «Кітап білім бұлағы» атты  викторинамен басталатындығын тілге тиек етті.   Кітапханада «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрседе ұмытылмас» – атты кітап көрмесі безендіріліп, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

 

       16 қаңтар күні 5-11 сыныптар арасында «Мұқағали оқулары» өткізілді. Бұл шараға оқушылар белсенділік танытты.

        Кітапханашы балаларға кітап адам өміріндегі адал досы, серігі, қандай қиындықтар туындаса да, кітапқа тәуелді екендігіміз жөнінде түсіндіріп жеткізді. Әрбір адамның өмірінде жоқ дегенде бір досы болады. Нағыз дос ол – сені ешқашандай нәубетте қалдырмауы керек. Ал сондай достарың сенен теріс айналып кеткенде көмекке кім келеді. Осындай қиын сәттерде ғана көмекке келетін, ақыл кеңес беретін дос іздейміз, кімді бар жүрегімізбен сүйеміз, кімге сенеміз. Әрине, кітап. Кітап — бұл адамға дос және ақылшы. Олармен бірге күлеміз, қуанамыз, олармен бірге қайғырамыз. Шара соңында балалар мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтып, өлең шумақтарын оқыды, сүйікті кітаптары жайында әңгімеледі.

About

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *