Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмас

             

         Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрседе ұмытылмақ емес. Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қантөгісті соғыс болды, біреуді жесір етті, біреуді жетім етті. Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз  сол уақытта  ерте есейген еді. Ойын,  баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды. Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде  1-11 сыныптар арасында  Ұлы Отан  соғысы Жеңісінің 70 жылдығын  тойлау шеңберінде «Жауға аттан!» деген ұранмен алға басқан, аға лейтенант, артиллерия командирі, 2- дүниежүзілік  соғысқа қатысушы,

Кеңес  Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың  90 жылдығына орай  7-9-10-11 «А» сыныптар арасында  «Батырлар ерлігі ұмытылмас!»  атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға ерлік пен батылдық туралы түсінік беру. Ұлы Отан  соғысының

 

жауынгері, кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың  өмірбаянымен таныстыру.

 

         Оқушылар Махмет Қайырбаев туралы  көптеген мағлұматтар алды, өмірбаянымен танысып, бейнефильді, слайдтты тамашалады. Сонымен қатар  3 топқа бөлініп, тапрсырмалар орындады. Сайыс қызықты өтті.

 

           Махмет атамыз тірі болса, 2015 жылдың  1 қаңтарында тоқсан жасқа толар еді. Қазақтың батыр ұлының бейбіт өмір  жолындағы ерлігі, елінің игілігі үшін жасаған еңбегі  ұрпағының жадында мәңгі сақталады. 


About

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *