Білім күні

20160901_104302

                                                                                      Білім күні

        1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Майтүбек ОМ мектебіндегі өткен «Қазақстан- біртұтас ұлт» атты салтанатты жиынына қадірлі қонақтарымыз аудандық маслихатының хатшысы Ғибадат Тұрсынұлы Арынов пен аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айдар Ақылбекұлы Калемов  қатысты. Олар ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды білім күнімен құттықтады. Бұл күні «Мен- өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өтті. 1 сынып оқушыларына елбасы туралы кітап табыс етілді.

20160901_104821

20160901_101816

Білім күні

 Білім күні басталды. Майтүбек мектебінің алдында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа оқу жылына шабыттанған оқушылар, жазғы демалыстың ызғыры әлі өте қоймағандығы байқалып тұрады. Бір-бірін көрмеген оқушылар мәз мейрам болып шуылдасты.

Оқушыларды құттықтауға сонау ауданнан ат терлетіп аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ерғанат Әлмырзаұлы Ахметов және білім беру бөлімінің әдіскері Медеу Мағауұлы Маженов және ауыл әкімі Темиргалинов Әкімбек Калиакпарович арнайы келді. Оқушыларды  жаңа оқу жылымен құттықтап, тілектер жаудырды. Ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

About

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *