ОТАН ҮШІН! МІНДЕТ; АБЫРОЙ; ЕРЛІК!

20160614_180617

20160527_173622

Ағымдағы жылдық 27-28 мамыр айынық аралығында алғашқы рет Орал қаласында республикалық «Қазбат» жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы және республикалық «Спорт Жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік, спорттық-патриоттық журналы редакциясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына орай алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында ресмпубликалық байқау өтті. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен оқу орындарынан іріктеліп алынған алғашқы әскери дайындық мұғалімдері алынады.

Әскери көпсайыс бағдарламасы бойынша кермеге тартылудан, автоматты бөлшектеп жинаудан, арнайы химиялық әскери киімді жылдам киюден, мылтық атудан, граната лақтырудан және 1-шақырымға жүгіруден мұғалімдер додаға түсті. Қазақстан бойынша байқауға 21-29 жас, 40-49 жас және 50-59 жас аралығында жалпы саны 58 мұғалім қатысты. Байқауға қатысушылар арасында сайыс өте қызықты,  тартысты өтті.

 

Республикалық сайыс қорытындысы бойынша ауданымыздан қатысқан Майтүбек орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Шалқар Зиядаұлы Байбеков II-жүлделі орынды иеленді. Шалқар Зиядаұлына диплом және «Қазбат» жауынгерлік іс-қимылдар және бітімгершілік операциялар ардагерлерінің одағы. Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қазақстан патриоты» Және «Қазбат» мерекелік медалдарымен марапатталды.

Шалқар Зиядаұлының  оқушылары аудандық  және облыстық сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Майтүбек мектебі және Май ауданының намысын көптеген әскери, спорттық сайыстарда қорғады.

Шалқар Зиядаұлына алдығы уақытта да оқушыларға үлгі болып, патриоттық сезімге тәрбиелеуде қызметіне жеміс тілейміз.

About

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *